Семейде аяусыз соққыға жығылған балаға қазақстандықтар пәтер алып берді
Семейде бір топ жасөспірім аяусыз соққыға жыққан оқушыға қазақстандықтар 32 миллион теңге жинап, пәтерлі болуына көмектесті. Балаға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Семейлік блогер Аида Жүнісова 3 күнде Алинұрға 32 миллион теңге жиналғанын айтты. Ол пәтер тауып, кілтін балаға табыстағанын көрсетті.
-
Семейде қатарластары соққыға жыққан оқушының қазіргі жағдайы белгілі болды
-
Мектеп оқушылары арасындағы буллинг неге өршіп кетті: Министрлік себептерін атады
Сөзінше, соққыға жығылған жасөспірім қазір оңалып келеді. Ашылып сөйлеп, қоғамға бейімделіп жатыр дейді.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік. Оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды