Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмыс істемей тұр": Семей тас жолында бағасы пәтердің құнымен бірдей қоғамдық әжетхана салынды

Абай облысында тас жолдың бойында қомақты қаражатқа былтырдан бері салынып жатқан қоғамдық әжетхана әлі қолданысқа берілмесе де, бұзылғалы тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

Жергілікті тұрғындар қоғамдық дәретхананың құрылысы бітсе де, не себепті қолданысқа берілмегенін түсінбей дал. Айтуларынша, 22 миллион теңгеге салынған нысанда жұмысшылар жүр, бірақ дәретхананың өзі жұмыс істемейді.

Мұндағылар дәретхананың ішінде жасалған жағдайға қарап оның бағасын қаладағы жайлы пәтердің құнымен теңестірді.



“Туристер мен тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін екі модульдік қондырғы орнаттық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалды. Антивандалды дәретханалар мен раковиналар, бейнебақылау камералары, кондиционер орнатып, сумен, жылумен қамтамасыз етілді. Бірақ мұның бәрі іске қосылған жоқ”, – дейді шенділер.

Абай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Нұрланқызының айтуынша, модульдік нысан қосымша дайындық жұмыстарына байланысты уақытша жұмыс істемейді. Дәретханалар іске қосылғанға дейін нысанды мердігер күзетеді.

Бұған дейін Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар істен шыққан еді.

Талқылау