Ақтауда 87 миллион теңгеге салынған дәретханалар істен шықты
Қала тұрғындары модульді әжетханалардағы ақаулар туралы қалалық әкімшілікке хабарлады. Бүгінде мамандар қоғамдық дәретханалардағы ақауды жөндеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lada.kz
Ақтауда 12 қоғамдық дәретхана бар. Оның бесеуі модульді, яғни қала тұрғындары оған QR код арқылы төлем жасап кіреді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі модульді дәретханалардың істен шыққанын мәлімдеді.
“Техникалық ақауларға байланысты QR код қосылғанша дәретханалар жұмыс істемейді. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақында барлығын түзейміз. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық дәретханаларды таза ұстауды және қажет болған жағдайда гигиеналық заттарды пайдалануды сұраймыз”, – делінген ақпарат агенттігінің жазбасында.
Бұған дейін Абай облысында жазық далада құны 30 миллион теңге тұратын дәретхана салынған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады