Жаңбырдан кейін Алматы әуежайы жаңа терминалының төбесінен су ағып кеткен (видео)
Желіде жаңбырдан кейін Алматы әуежайы жаңа терминалының ғимаратын су басқаны туралы видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Әлеуметтік желіде тараған видеодан әуежайдың төбесінен су ағып тұрғанын көруге болады.
Оқиғаға байланысты әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
“Алматы әуежайының терминалындағы судың ағып кетуіне қатысты барлық ақаулар бірден түзетілгенін хабарлаймыз. Жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі – басты назарда", – делінген хабарламада.
Әуежай қазір мердігерлермен ағып кетуді тезірек жою үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың Алматы әуежайынының жаңа терминалындағы ұзын-сонар кезек пен лас дәретханаларға шағымданғаны туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады