Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейдегі оқушының аяусыз соққыға жығылуы: Мектеп директоры қызметінен босатылды

Семей қаласындағы №9 мектепте оқушылардың өз қатарластарын аяусыз ұрып-соғу оқиғасынан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Абай облыстық білім басқармасының мәліметінше, жағдайға байланысты білім беру мекемелерінің басшылық құрамына тәрбие жұмысының нашар ұйымдастырылғаны үшін тәртіптік шаралар қолданылған.

"Тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. №15 мектептің және Ш. Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" мамандандырылған ер балалар лицей-интернатының директорларына сөгіс жарияланды”, – делінген хабарламада.


Мектеп оқушылары арасындағы буллингтің өршуі: Министрлік себептерін атады


Ал №9 мектептің директоры қызметінен босатылып, ал оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланған.

Дәрігерлер соққыға жығылған баланың қазіргі жағдайы туралы айтып берді

"2013 жылы туған науқасқа жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Шүйде аймағында гематома бар. Аяқ-қолдарында көптеген тері асты гематомалары анықталды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта педиатр, травматолог және невропатологтың динамикалық бақылауында", – делінген Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік. Оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді.

Талқылау