"Сембек екеумізге арнайы жазды": Мақпал Жүнісова ғашықтар күнінде ерекше жазба жариялады
Танымал әнші Мақпал Жүнісова хитке айналған “Ғашықтар жыры” әнінің шығу тарихын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше биыл туындыға 42 жыл толады екен.
“Әнін Кеңес Дүйсекеев ағамыз жазған. Сөзін Шөмішбай Сариев ағамыз жазған. “Ғашықтар жыры” әні еді. 1983 жылы алғаш рет орындалды. Ағалар Сембек екеумізге арнап жазды. Осы күнге дейін хит болып тұр. Біз салған әнді жастар да орындап жатса, тек қуанамыз. Бүгін ғашықтар күні екен. Махаббаттарыңыз баянды болсын!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары осы әнмен мәдениет қайраткері Сембек Жұмағалиевпен бірге тойға шығуға қатысты ұсыныстарын айтып жатыр.
“Сембек екеуміз кештерде ғана айтып жүрміз. Ол кісі аға жасына жетті. Тойға менімен шыға алмайды. Әйелі бар. Астанада ұстаздық қызмет істеп жүр. Мен 62 жаста болсам да, әлі 18 жастағы қыздаймын”, – деді халық әртісі.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген