Сегізінші қабаттан құлағаннан кейін әйел аман қалып, өзіне жедел жәрдем шақырған
Ресейдің Якутск қаласында 30 жастағы әйел сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бақытына орай, әйел аман қалған, тіпті өзіне жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әйел сегізінші қабаттан құлап кетіп, тірі қалған. Оған қоса, пәтерге өзі көтеріліп, жедел жәрдем шақырды", – делінген хабарламада. Қазір әйел жамбас сүйектерінің зақымдануымен жансақтау бөлімінде жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланған. Әйел ауада сымдарға ұсталып, аударылып, қар үйіндісіне құлап, металл қоршауға басын ұрып алған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"