Сегіз айда 15 пайызға өскен: Қазақстанда ет неге қымбаттады
Сарапшылар Қазақстанда соңғы сегіз айдың ішінде ет қымбаттаған деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

- Карантин кезінде жер үйлердің бағасы күрт өскен: Елордадағы ең қымбат үйдің бағасы 6 млрд теңгеден асады
- Әлемдегі ең қымбат қой 205 млн теңгеге сатылды
Төрт түлік мал етінен ең қымбаты сиыр еті. Оның бағасы шарықтап тұр. Сиыр етінің бір жылдың ішінде 17,9 пайызға қымбаттағаны белгілі болды. Қой еті де осы статистиканың төңірегінен алыс кетпепті. Мамандар есептеп шығарған кестедегі көрсеткіш бойынша, шілде айында бағаның қатты құбылуы байқалады. Бұл өзгерісті кейбір сарапшылар пандемиядағы тапшылықпен байланыстырады. Жалпы алғанда елімізде азық-түлік тауарлары аталған уақыт аралығында 10 пайызға қымбаттаған.