"Себебін кейін айтамын": Әнші Динара Сұлтан күйеуімен заңды неке қиып, куәлік алды
Танымал әнші Динара Сұлтан күтпеген жаңалығымен сүйіншіледі. Жолдасы Ерлан екеуі араға 14 жыл салып, заңды некеге отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші жеке парақшасына жазба жариялап, “құттықтаулар қабылданады”, – деді.
“Қазір құттықтаулар тек осы жердеқалсыншы . Неге олай еткенімізді соңыра қол тигенде, жақсы бір пост жазармын. Жұма қабыл болсын, жандарым! Бақытты болайық!” – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, ақ тілегін жаудырды. "Бақытты болыңыздар", "Ештен кеш жақсы, махаббаттарыңыз баянды болсын", "Құтты болсын. Берккелі неке болсын", "Алты баланы дүниеге әкеп болған соң неке қидырған мен ғана емес екен ғой", – деп тілек жаудырғандардың қарасы көп.
Әнші алғашында жолдасы мен отбасы туралы ашық айтпайтын. Кейін отбасылық фотоларын жариялап, оқырмандарына таныстырып жүр. Әншінің жары Ерлан Қожасбай – спорт саласының маманы. Бүгінде отандық меценаттардың тізіміне еніп үлгерген. Сондай-ақ олар – "махаббаттың жасқа қармайтынын" дәлелдеген жұп. Өйткені дерек көзіне сүйенсек, Динараның сүйіктісі өзінен 17 жас үлкен көрінеді. Ал жұбайлардың таныстығы отандық өнер жобаларының бірі – "Екі жұлдыз" байқауынан басталған.
Айтпақшы, 2019 жылы Динара Сұлтан мен күйеуі ағайын-туысты шақырып, үйлену тойын жасаған болатын. Ерлі-зайыпты бұл шараны да 10 жылдан кейін жасаған. Бүгінде олар алты бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.