Scat әуе компаниясы Шымкент-Санкт-Петербург бағытында рейс ашпақ
Қазақстандық Scat әуе компаниясы Шымкент-Санкт-Петербург рейсін ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: flickr.com
Ақпарат Telegram-дағы арналарда пайда болды. Онда Көлік министрлігі әуе компанияны Шымкент-Санкт-Петербург-Шымкент бағыты бойынша тұрақты рейстерге ресми тасымалдаушы етіп тағайындағаны жазылған.
“Бұл бағытта әзірге ұшу кестесі немесе билеттер жоқ. Қазір "Россия" Пулководан Алматыға, ал SCAT Астанаға ұшады”, – делінген хабарламада.
Ал Scat әуе компаниясы Ресейдің мәдени астанасына рейстер ашу жоспары барын хабарлаған.
"Қазір компания 2025 жылға арналған жаңа рейстерді ашу кестесін жоспарлап жатыр. "Шымкент-Санкт-Петербург" бағытын ашу жоспарда бар. Толық ақпарат кейінірек беріледі", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкенттен ұшатын SCAT ұшағы әуежайға қонбай, Атырауға кетіп қалғаны туралы жазған едік.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды