Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

SCAT әуекомпаниясынан салығын төлемегені үшін аңшылық алқап тартып алынбақ

SCAT әуекомпаниясы салық төлемегендіктен, Қазақстанның оңтүстігіндегі аңшылық аймағынан айырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

скат

Түркістан прокуратурасының мәліметінше, 2019 жылғы 13 желтоқсанда Түркістан облысының әкімдігі әуекомпаниясына аңшылық үшін 20 жылға жалға берілетін 4400 гектар орман алқаптарын бөлу туралы шешім қабылдаған.

"Келісімшарт жасасқаннан бері серіктестік жер телімін пайдаланғаны үшін салық төлемін жүргізбеген, облыстық табиғи ресурстар басқармасы учаскені мемлекет меншігіне қайтару мақсатында әуе компаниямен келісімшартты бұзды”, – деп хабарлады прокуратура.



1997 жылы негізі қаланған, штаб-пәтері Шымкентте орналасқан SCAT әуекомпаниясы халықаралық және ішкі рейстерді орындайды. Ол 2018 жылдан бастап IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының толық мүшесі.

Ақпан айында Өскемен іргесіндегі орман алқаптары "БИПЭК Авто Қазақстан" компаниясынан алынатыны белгілі болды. Бұл аумақтардағы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі сақталмағаны анықталды.

Талқылау