Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

SCAT әуекомпаниясы ерекше қажеттілігі бар баланы бортқа мінгізбегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Азаматтық авиация комитеті SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әуекомпания 27 мамырда Қостанай-Анталья бағыты бойынша VSV-5280 рейсінен жолаушыларды түсіріп жібергендіктен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  571-бабы "Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу" бойынша айыпталуда.

Әуекомпания қызметкері аутизм диагнозы қойылған баланы отбасымен бірге рейске жібермеді. 

"Жолаушылардың барлық санаттарына, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға қызмет көрсету кезінде әдеп нормаларын сақтау қазақстандық әуекомпаниялардың басты қағидасы болуы тиіс екенін атап өтеміз. Бұл талаптарды бұзу – өрескел қате", - деді комитет.

SCAT  жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелгенін, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік жолдама арқылы ұшуды жоспарлап отырғанын хабарлады. 

SCAT әуекомпаниясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Талқылау