Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайлауға бір күн қалды: Қазақстанда додаға түсіп жатқан партиялар соңғы насихат жұмыстарын қалай өткізді

19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттығына депутаттарды кезектен тыс сайлау  өтеді. Бүгін, 17 наурызда партиялар үгіт-насихат жұмыстарын тәмамдады. 18 наруызда тыныштық күні болады. Stan.kz ақпарат агенттігі партиялардың соңғы насихат науқанын қалай өткізгенін шолып шықты.

"AMANAT" партиясы

Аманат 9

Елордада 3000-ға жуық адамның қатысуымен "AMANAT" партиясының "Халықпен бірге!" форумы өтті. Іс-шараға Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттар, партия белсенділері мен жақтастары және "Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері қатысты.

Өз сөзінде "AMANAT" Төрағасы Ерлан Қошанов үгіт-насихат кезеңіндегі қажырлы еңбегі үшін партияластарға алғыс айтып, жастар қанатының жасампаздығы мен белсенділігін ерекше атап өтті.

"Бұл сайлау, ең алдымен аманаттықтардың мызғымас бірлігі мен берекесін, мұқалмас жігері мен рухын көрсетті. Бір айдың ішінде 30 мың кездесу өткізіп, 4 миллионнан астам адамды қамтыдық. Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасын талқылап, азаматтардың талап-тілектерін жинадық",- деді ол.

Партия төрағасы сайлаудан кейін үгіт-насихат плакаттарының орнын нақты істер алмастыру керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, 19 наурыз – 19 миллион халықтың болашағын айқындайтын күн.

Сондай-ақ форум барысында партиядан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мақсат Толықбай, Есен Елеукен, Нартай Сәрсенғалиев, Севда Әлиева, Ринат Заитов, Ольга  Спирина, Жұлдыз Сүлейменова және Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері 27 күн ішінде аманаттықтар 4 247 600 қазақстандық қатысқан, 37 000 іс-шара өткізді.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 36 000 ден астам ұсыныс-пікірі келіп түскен.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы

Ауыл партия 9

"Ауыл" партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттарының үгіт-насихат науқанын талқылаған қорытынды отырысы өтті.

Жиынға партия төрағасы Әли Бектаев, Мәжіліс пен мәслихаттарға партиялық тізім мен мажоритарлық жүйе бойынша түсетін кандидаттар, партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері, жергілікті халық қатысты.

"Ауыл" партиясының сайлауалды қорытынды іс-шарасы қазақы қаймағы бұзылмаған, еңкейген қарты мен еңбектеген баласына дейін диқаншылықпен айналысатын шырайлы Шымкентте, қазақ заңдарының бастауы "Жеті Жарғыға" мөр басылған Мәртөбеде өтті.

Партия мүшелері кандидаттармен бірге жұмылып жұдырық болып, бір ай бойы еліміздің түкпір-түкпірін аралады, жұмыс істеді, үгіт-насихат жүргізді. Басқалар ат ізін салмаған Қазақстанның шалғайындағы, қияндағы ауылдарға да барды.

"Шаралар сәтті өтті. Халықтың ыстық ықыласын сезіндік. 6000 астам кездесу мен шаралар өткізіліп, оған 800 мыңнан астам адам қатысты.   Еліміздегі барлық өңір толық қамтылды. Шалғай ауылдарға тек "Ауыл" партиясы ғана ат ізін салды. Біз алыстағы ағайынның ахуалына құлақпен естіп емес, көзбен көріп қанықтық. Саяси додаға партиялық тізіммен түскен 25, бірмандатты округтер бойынша түскен 7 кандидатымыз кездесу барысында қойылған мыңдаған сұраққа жүйелі жауап беріп, өздерінің шын мәнінде білімді де білікті маман екенін көрсетті, төрге шығуға лайықты екендіктерін дәлелдеді", – деді партия төрағасы Әли Бектаев.

"Respublica" партиясы

Республика партия 8

Respublica партиясының өкілдері соңғы үгіт-насихат жұмыстарын Ұлытау облысында жүргізді. Мұнда олар "Kazakhmys Smelting" ЖШС мыс қорыту зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізген. Мұнда Respublica-ның мүшелері негізгі идеялары мен ұсыныстарын айтып, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Respublica партиясы агитациялық жұмыстарын Ұлытау облысында аяқтады.

Қазақстан Халық партиясы

Халык партиясы 8

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Александр Милютин Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы "Зайтенов" шаруа қожалығында болды.

Партия өкілінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары ауылшаруашылық бағытында өрбіді.

Шаруалар мемлекеттен берілетін субсидияларға қол жеткізе алмай жатқанын айтты. Осы ретте Александр Милютин партия агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асыру қағидаттары мен тетіктерін түбегейлі қайта қарауды ұсынып отырғанын атап өтті.

Кездесуде партия өкілі жастарды қолдау, ауылды дамыту, салалардағы кадр тапшылығы секілді мәселелерді де атап өтті. Сонымен қатар ол қазақстандықтар үшін білім мен денсаулық саласындағы қызметтер тегін әрі қолжетімді болу керек екенін тілге тиек етті.

"Baytaq" Жасылдар партиясы

Байтак партия 8

"Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы, елордадағы 2-округ бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткер Азаматхан Амиртаев "Алтын Шар-1" ТК тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді.

Жақында апелляциялық сот үй іргелік алаңда автосалон құрылысының заңсыз салынуына қатысты даулы мәселеге нүкте қойды. Бұған дейін партия өкілдері тұрғындардың заңды талаптарын қолдап-қуаттаған  болатын. 
Саясаткер атап өткендей, енді саябақ салуға қол жеткізу қажет. Сонымен қатар, жаңа ғимараттардың басқа да шетін мәселелерін шешу керек. Олардың қатарында жол сапасы, көлік қатынасы түйткілдері, су мен жарықтың жиі өшірілуі сынды өзекті мәселелер бар.

Кездесуге келген тұрғындар алдағы сайлауда қарапайым халықтың қамын ойлайтын шынайы жанашыр саясаткер Азаматхан Амиртаевтың кандидатурасын қолдауға ниетті екенін жеткізді.

"Ақ жол" партиясы

Ак жол партия 7

"Ақ жол" партиясы республикалық штабының мүшелері Павлодар облысының тұрғындары және кәсіпкерлермен кездесті

"Ақ жол" демпартиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлердегі жұмысын жалғастыруда. Кеше олар Павлодар облысының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесті. 500-ге жуық адам жиналған "Естай" орталық мәдениет сарайында "Ақ жол" кандидаттары партияның саяси бағдарламасын таныстырды.

Жиынға партия төрағасы Азат Перуашев, төраға орынбасарлары Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Павлодар облысынан бір мандатты сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Фуат Сатыбаев, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, облыс тұрғындары және қолөнершілер қатысты.

Шеберлер мемлекет тарапынан гранттық қолдаудың жоқтығын айтып, түйткілді мәселелерімен бөлісті; шағын кәсіпкерлікке бөлінетін көмек – кейде жас шектеуіне байланысты (35 жасқа дейін), кейде басқа жұмысы жоқ деген талаптан сәйкес келмейді. Ал, олардың көпшілігі үшін қолөнер әуелі сүйікті ісі әрі табыс көзі. Дегенмен, бұл сүйікті іс дұрыс бағытын тапса үлкен бизнеске айналуы мүмкін.

Перуашев микробизнес пен жергілікті туризмді дамыту бағдарламаларына байланысты қолөнерді қолдау мәселесін зерттеуге уәде берді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

ЖСДП 8

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның "үгіт пойызы" жобасын қорытындылады.

Жоба аясында партия белсенділері ҚР барлық дерлік елді мекендерін, оның ішінде шалғайдағы ауылдарды аралады. Үгіт пойыздарының басында филиал төрағалары мен депутаттыққа кандидаттар болды. Кездесулер өткізіліп, әр сайлаушыға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Талқылау