Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл саяси оңбағандық": Әміржан Қосанов ашық эфирге шығып, мәлімдеме жасады (видео)

Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов ашық эфирге шығып, елге мәлімдеме жасады. Сайлауда болған арандатушылық жағдайларды айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Алматы және Астана қалаларында шетелдегі псивдооппозиционерлердің байкот идеясын қолдаушылардың толқуы болды. Бұл үлкен резонанс туғызды. Сайлау өтіп жатқандықтан рұқсат етілмеген бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдар өз позициясын айтып кетті. Сондықтан мен мәлімдеме жасаймын. Шетелде кафеде кофе ішіп отырып, қазақстандықтардың конституциялық құқығын бұзып, сайлау алдында отқа итермелеу бұл саяси арандату, саяси оңбағандық. Жастарымыз соған алданып жатыр. Қазір Қазақстан транзит кезеңінде. Мұндайда елде саяси өзгерістер болады. Сөзсіз болады. Ол халықтың талабы ғана емес, билікте соны қалап отырған күштер бар, қалыптасып келе жатыр.

Бұл ретте президенттік үміткер өз ұстамынын айтты. Билікті келісімге келуге шақырды. 

"Біз неге билік өзгеруі керек дейміз. Оппозиция да өзгеруі керек. Суперрадикалды, ешқандай мәмілеге келмейтін, керісінше мемлекеттік мүддесі, тәуелсіздігіміздің мүддесі, елдегі әділетті қоғам төңірегінде диалогқа келу керек деп ойлаймын. Еліміз қазір жаңа кезең алдында. Оппозицияда жүрген азамат ретінде айтарым, елімізге ішкі ғана емес, сыртқы қауіп те төніп тұр. Сонда жауапсыз, еліміздің болашағына қауіпті жолға бара аламыз ба? Мен билікті қоғаммен диалогқа шақырамын. 20 жылдан бері билікті мәмілеге шақырып келемін", - деді ол.

Әміржан Қосанов, әсіресе, жастардан арандатушылыққа салынбауын сұрайды. Бұл ең әуелі ел тыныштығы үшін қажет деп атап өтті. 

"Шетелдегі псивдооппозиционерлер сайлау кезінде халықты қақ жарып жіберді. Мен сайлауға түскенде басында байкот деді, қаралап-күйеледі. Әсіресе, жастар бұған сенбеуі керек. Президенттік сайлауда, алда болатын парламенттік сайлауда болатын реформалар кезінде оппозиционер ретінде балама бағдарламамызды ұсынып, билікпен мәмілеге келу керек деп ойлаймын. Шетте жүргендердің арандатуына салып тыныштығымыздан, елімізден айырылып қалмайық. Қазақстанда жаңа билікпен қатар жаңа оппозиция керек. Жаңа билік пен жаңа оппозиция бір үстелде отыру керек. Бүгін түн ортасында ашық эфирге шығып, осындай ойымды айтып отырмын", - деді Қосанов. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтті. Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингіге шыққан жүздеген адам ұсталды.

 "Қоғам пікірі" институтының нәтижесі бойынша, сайлаушылар дауысының 70,13%-ін, ал "Жастар" зерттеу орталығы жүргізген сауалнама бойынша дауыстың 69,94%-ін иеленген. 

 

Талқылау