Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағат 16:00-ге дейін қазақстандықтардың 66%-і дауыс берді

Қазақстан халқы республика бойынша 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Сурет: Абзал Қалиев

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00 кезінде қазақстандықтардың 65,9%-і дауыс берді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменова мәлімдеді. 

Оның ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 75,54%
Ақтөбе облысы – 79,7 %
Алматы облысы – 78,9 %
Атырау облысы – 64,9 %
Шығыс Қазақстан облысы – 69,8%
Жамбыл облысы бойынша – 71,8%
Батыс Қазақстан облысы – 59,8%
Қарағанды облысы – 63,1%
Қызылорда облысы – 64,5%
Қостанай облысы – 69,7%
Маңғыстау облысы – 60,03%
Павлодар облысы – 67,9%
Солтүстік Қазақстан облысы – 68,3%
Түркістан облысы – 70%
Нұр-Сұлтан қаласы – 49,6%
Алматы қаласы – 45,7%
Шымкент қаласы – 55,6%.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды. 

Мұнымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оқушылар сарайына барып дауыс берген болатын. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дауыс беру учаскесіне отбасымен бірге барды. Бұдан өзге түскі сағат он екіге дейін халықтың 35 процентінің дауыс беріп үлгергені белгілі болды. 

Бас прокуратура бюллетеньмен суретке түскендерге айыппұл салынатынын ескертті.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында митингіге шыққан жүздеген адамның ұсталғаны белгілі болды. 

Талқылау