Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бір-бірімізді қолдайық: Тоқаев жастар мен билікті диалог орнатуға шақырды

Мемлекет басшысы қазіргі саясатқа қарсы билік пен жастарды бір-біріне толерантты қарым-қатынас танытуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің ел арасында жиі айтылып жүрген "Тоқаев біздің президент емес" деген сауалына жауап берді. 

"Мен әртүрлі жаңалық оқимын. Бұл - халықтың сайлауы. Егер кім де кім осылай айтып жүрген болса, бұл соларға тиесілі ұран. Мен жастарға позитивті көзқарастамын. Олардың кімге қарсы шығып жатқаны маңызды емес, жастар - халықтың бір бөлігі. Біз әлемдегі қиындықтарға жұмыла отырып төтеп беруіміз керек. Әлем өте тұрақсыз. Қандай жағдай болса да, қарсылық көрсетіп жатқандарға толерантты болуымыз керек", - деді мемлекет басшысы. 

Әрі қарай президент қарсылық танытып жүрген белсенділерді жазалау қаншалықты дұрыс екеніне жауап берді. 

"Мен барлық заң өкіліне толерантты болуға кеңес беремін. Бірақ заңды шектен тыс бұзғандарға көз жұма қарай алмаймыз. Сондай-ақ, жастарды да билікке қатысты толерантты болуға шақырамын. Бізге диалог қажет, біз бірге болуымыз керек. Мен арнайы комитет құруды жоспарлап жүрмін. Ол жерге барлығы, оның ішінде сіз айтып отырған жастар да бара алады", - деді Тоқаев. 

Сөз соңында мемлекет басшысы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын әрі қарай жалғастыратынын айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр