Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сайға қарай шақырған": Алматыда он жасар қызды зорламақшы болған күдікті іздестірілуде

Алматының Жетісу аудандық полиция басқармасы он жасар қызды зорламақшы болған ер азаматты іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ата-анасы екі досымен бірге 14 жасқа толмаған қызын зорлаған

Көрші үйдің қызына араша болып қалдым деген ер азамат әлеуметтік желіде жазба қалдырыпты. Сөзінше, жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан ол көршісінің он жасар қызының жанында жеткіншекті әңгімеге тартып тұрған бейтаныс азаматты көріп қалған. 

"Бейтаныс ер адамнан "қыздан не керек?" деп сұрадым. Сөйтсем, ол жол сұрастырып тұрғанын айтты. Оның сұрағына жауап беріп, қайта өз жөніммен кетіп бара жатсам, әлгібіреу қыздың жанынан айналшықтап кетер емес", - дейді куәгер. 

Айтуынша, артына қараса, күдікті қыздың қасына отырып, оның телефонына қарап, бірнәрсе айтып қоймай қойған. Бұған алаңдаған куәгер әлгі азаматтың жағасынан ұстап, кетпесең, ұрамын деп қорқытып, қуып жіберіпті. Бұған қоса ол күдіктіні суретке түсіріп алуды ұмытпапты. 

"Сосын қыздан "ол не деді?" деп сұрадым. Ол: "Кетейін десем, ананы сұрап, мынаны сұрап жібермей қойды. Оған көмектесейін деп кетпей тұрдым. Мені сай жаққа шақырды" деп айтты. Осы кезде әлгі сұмырайды жібере салғаныма өкініп қалдым", - дейді жазба авторы. 

Полицейлер күдікті табылған жағдайда оның ойында не болғанын анықтайтынын айтып кетті. 

"Қазір суреттегі ер азаматтың кім екенін анықтауға Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кірісті", - деді ПД өкілдері. 

 

Талқылау