Сайда түнеген: Қостанай облысында кеше жоғалып кеткен төрт қыз табылды
Қостанай облысында 9 қазанда жоғалып кеткен 7, 9, 12 жастағы қыздар ертесі күні бір-ақ табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Асенкритовка ауылында төрт қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат желіде сағат 16:00-де тараған.
"Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша қыздарды автобустан шығарып жіберген", - деп жазыпты еріктілер.
Жоғалып кеткен жеткіншектерді іздестіруге полицейлер мен жергілікті тұрғындар жұмылыпты.
"Төрт қызды таңертең Николаевка ауылында тапқан. Олар сайда қонуға мәжбүр болыпты. Автобус туралы ақпарат расталмады. Олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Психолог та олармен жұмыс жасады", - деді Қостанай облыстық ПД өкілдері.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған