AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балаларын елге қайтаратынын мәлімдеді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары неге шетелде оқығанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет кулуарында журналистер ғылым және жоғары білім министрінен балалары неге Кипрде оқитынын сұрады.

"26 маусымда балаларым Қазақстанға оралады. Сіздерге фотомен есеп беремін. Өзім де оларды асыға күтіп жүрмін", – деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр балаларының не себепті Кипрде оқығанын түсіндірді. Оның айтуынша, мұның үш себебі болған. Біріншісі – жұбайының денсаулығына байланысты.

"Нақты медициналық қорытынды бар, белгілі бір проблемалар бар. Екіншіден, өкінішке қарай, мен қаржылық жағынан балаларымды елде оқыта алмадым. Үшіншіден, онда (Кипрде) өте жақсы британиялық мектеп бар. Алаңдамаңыздар. Мен тағы бір мәрте ашық айтамын – 26 маусымда олар Қазақстанға оралады", – деді ғылым министрі.


Ғылым министрі Саясат Нұрбек: Салафизмге ешқандай қатысым жоқ


Министр балаларының елге оралуы оның жаңа қызметке тағайындалуымен байланысты емес екенін айтты.

"Мен бір күн бұрын ғана министр болдым. Бір күн ішінде жеке өміріңде де, білім және ғылым жүйесінде де ештеңе өзгерту мүмкін емес. Балаларым қарапайым мектепке оралады. Ол жайлы да фотомен есеп беремін, сол себепті менің әл-ауқатым мен балаларым үшін уайымдамаңыздар", –  деді ол.

11 маусымда бұрынғы мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Айта кетері, шенеуніктің үш баласы бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр