Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахтинскіде ер адамның газ баллонын жарамын деп қорқытты: 35 адам эвакуацияланды

ер адам газ эвакуация
Фото: Видеодан скрин

Шахтинскіде ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқаннан кейін көпқабатты үйдің 35 тұрғыны эвакуацияланды. 33 жастағы ер адам мас күйде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 2 қыркүйек күні К. Маркс көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Полицияға пәтерлердің бірінде тұрғын тыныштық бұзды деген шағым түскен. 

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері мән-жайды анықтады. Осы кезде пәтерде болған 33 жастағы ер адам газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан.

Қауіпсіздік мақсатында полицейлер подъездегі 35 тұрғынды эвакуациялап, болуы мүмкін зардаптардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады.

Түсіндіру жұмыстарынан кейін ер адам пәтерінің есігін ашқан. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Пәтерді тексеру кезінде газ иісі анықталмаған. 

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Істі қарау кезінде ол уақытша ұстау камерасына қамалды.

Жиналған материалдар заңда белгіленген тәртіппен шешім шығару үшін сотқа жолданады.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 08:23