Саусағын кесіп ала жаздаған: БҚО-да мас ер адам дүкен сатушысына шабуыл жасады
Батыс Қазақстан облысында мас ер адам пышақпен дүкен сатушысына шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, ер адам сатушы әйелден ақша талап еткен. Сатушы ақша беруден бас тартқан соң, пышақпен әйелдің оң қолының бас бармағына соққы жасаған.
Ақша ала алмайтынын түсінген ер адам шұжық, тіс щеткасы, балмұздақ алып, қылмыс орнынан бой тасалаған.
"Күдікті ұсталды, ол 1981 жылы туған азамат С. болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген хбарламада.
Келтірілген шығын көлемі шамамен 4 мың теңгені құрайды, күдікті жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған