Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аман алып қалды: Түркістан облысында саусағын еттартқыш шайнап кеткен 3 жасар қызға ота жасалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері саусағын еттартқыш шайнап кеткен бүлдіршінге бірнеше күрделі ота жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Түркістан облыстық балалар ауруханасы

Қолы қатты зақымданған үш жасар қыз бес айдан бері ауруханада ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, оқыс жағдай осы жылдың наурыз айында болған. Белгілі болғандай, зардап шеккен бала анасының жанында асүйде жүрген кезде электронды еттартқыш баланың қолын тартып кеткен.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйінде жеткізілді. Саусақтарын ет тартқыш шайнап кеткен қызды дәрігерлер Сайрам ауданынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына санавиация желісімен ауыстырған. 

Түркістан облыстық балалар ауруханасындағы білікті дәрігерлері Ғалым Байтөре және Оралбаев Нұрлыбек бүлдіршінге нэкректомия және тері алмастыру отасын жасап, зақымданған саусақтарын хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді.



Еске салайық, бұған дейін тура осындай жағдаймен қолы электронды еттартқышта қыстырылып қалған 12 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылғанын жаздық. Ол Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілді. Операцияға орталық аудандық аурухананың хирург-травматолог дәрігерлер бригадасы жұмылдырылды. Нәтижесінде дәрігерлер баланың қолы мен екі саусағын аман алып қалды. 

Талқылау