Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейтін болды
Мереке алдында Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орталықтары мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілуі мүмкін. Бұл туралы ОКҚ брифингінде елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазір бұл мәселе санитар дәрігерлермен және сауда орталықтарымен талқылануда.
Мереке алдында көптеген адам дүкенге барады. Біз гипермаркеттер мен дүкендерді тәулік бойы жұмыс режиміне қоюды ойлаcтырып отырмыз. Мәселені талқылаймыз, жақын арада айтатын боламыз, - деді ол.
Сондай-ақ, әкім мереке алдында карантин енгізу жоспарланбағанын хабарлады.
Шектеулер COVID-19-ға оң сынақтар болған жағдайда енгізіледі", - деді ол.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған