Cауда орталығындағы Шүменовке қатысты дау: Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі істі өз бақылауына алды
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Астанада қырғыз азаматының соққыға жығылуына қатысты істі өз бақылауына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қырғызстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығының балалар ойын алаңында Қырғызстан мен Қазақстанның екі азаматы арасында оқиға орын алып, Қырғыз Республикасының азаматына қатысты физикалық күш қолданылған.
13 шілде күні жәбірленуші Қ.А. Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Елшілігіне шақырылды, Елші Д. Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша еліміздің құқық қорғау органдары барлық қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"