Сауда министрі Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындады
ҚР премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Вице-премьер Нұр-Сұлтан тұрғындарының бірінің "Ашық диалог" порталындағы үндеуіне жауап берді. Сұлтановтың жауабы 30 мамырда жарияланды.
“Елімізде қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына салған тыйымына байланысты туындап отыр. ЕЭК Кеңесінің 2022 жыл 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілген.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында қант тиелген 152 вагон (10 мың тоннадан аса) келе жатқанын, 58 вагон түсіру орнына жеткенін, 94 вагон межелі станцияға 7 тәулік ішінде келетінін айтты”, – дейді Бақыт Сұлтанов.
Премьер-министрдің орынбасары 27 мамырда Нұр-Сұлтанға Үндістаннан қант жеткізетін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясынан" екі вагон (шамамен 130 тонна) түскенін атап өтті.
"Биыл 27 мамырда Нұр-Сұлтан қаласына "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" 2 вагон қант (шамамен 130 тонна) келіп түсті, - деді министр.
Сондай-ақ, ҚТЖ мәліметінше, қант зауыттарында өңдеуге арналған 116 вагон шикі қант құрағы күтілуде.
30 мамырда Нұр-Сұлтанға қант келді. Қантты Magnum сауда желісі сатып алды, ол бөлшек сауда орындарына жеткізіліп жатыр”, – деді министр.
Айта кетсек, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі қант тапшылығы жоқ екенін мойындаған болатын.
Алайда кейіннен оралдықтардың қаладағы супермаркеттердің бірінде қантқа таласып жатқаны жайлы видеосы пайда болды. Кадрдан қала тұрғындарының дүкен есігі ашыла салысымен қант тұратын сөрелерге қарай жүгіргенін көруге болады. Роликтің түсіндірмесінде видеоның бүгін "Алтындар" супермаркетінде түсірілгені айтылған.
Кейін Атыраудың супермаркеттері мен дүкендерінде қант тапшылығы байқалғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейбір сауда орындарында бір килограмм қанттың құны 800 теңгеден асып сатылған.