Сауд Арабиясының патшасы елінің ұлттық құрамасы Аргентинаны жеңгеніне орай бір күн демалыс жариялады
22 қарашада футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясы Аргентина құрамасын жеңді. Соған орай Арабия патшасы 23 қарашаны елінде демалыс күні жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі SPA басылымына сүйене отырып.

Amin Mohammad Jamali/Getty Images
Бұл күні мемлекеттік қызметкерлер, жеке секторда жұмыс істеп жүргендер, студенттер мен оқушылардың бәрі демалады.
Әлем чемпионатының бірінші матчында Сауд Арабиясы Лионель Месси бастаған Аргентина командасын 2:1 есебімен жеңді.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды