Сауд Арабиясы әлемдегі тепе-теңдік үшін ядролық қару жасамақ
Сауд Арабиясы әлемдегі тепе-теңдік үшін ядролық қару жасауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: molva33.ru
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Сальман Иран ядролық қару жасауды қолға алатын болса, бұл іске бейжай қарамайтынын жеткізді.
"Егер олар ядролық қару жасауды қолға алса, біздің де іске кірісуіміз керек", – деді тақ мұрагері.
Сонымен бірге Мұхаммед бен Сальман кейбір елдердің ядролық қаруға қол жеткізуге деген ұмтылысына теріс көзқараспен қарайтынын баса айтты.
"Бұл – жаман қадам. Ядролық қару жасауды қолға алудың қажеті жоқ. Өйткені сіз оны ешқайда пайдалана алмайсыз. Егер олар ядролық қаруды пайдаланса, бүкіл әлеммен соғысады деген сөз. Әлем тағы да Хиросимадағы жағдайды бастан кешірмеуі керек", – деді ол.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді