Сәтбаевта белгісіз біреулер 41 жастағы ер адамды атып кетті
Бүгін түнде Сәтбаев қаласында белгісіз біреу 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды. 20 тамыз күні сағат 01:00-де белгісіз тұлға атыс қаруын қолданып, Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын өлтірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
"Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Жасалған қылмыстың түрлі нұсқалары тексерілуде", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр