"Шаштан сүйреп, тұншықтырды": Қазақстандық әйел өзін Бельгияның консулы ұрып-соқты деп шағымданды

Бельгия азаматы, "Құрметті консулдар қоғамы" басқарма төрағасы әрі танымал кәсіпкер Денис Ван ден Вейх қазақстандық әйелді соққыға жықты деп айыпталды. Қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, бельгиялық консул мен Айдана есімді әйелдің ортасында жанжал туындаған. Отандасымыз өзін шетелдік азамат тұншықтырып, шашынан сүйреді деп полицияға шағым түсірген. Айтуынша, оқыс оқиға түнде Ван ден Вейхтің Алматыдағы пәтерінде болған.
Іс "Соққыға жығу" бабы бойынша тіркелгенімен, жәбірленушінің өтініші бойынша тоқтатылған.
Денис Ван ден Вейх бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол жеке сипаттағы мән-жайлар мен сотқа дейінгі тергеу материалдарына түсініктеме беруді қажет деп санамайтынын жеткізді.
“Әсіресе, олардың процестік тәртіптен тыс үшінші тұлғаларға таралуы күмән тудырады. Тек заңмен көзделген барлық процессуалдық тексерулер уәкілетті органдармен жүргізілгенін, соның нәтижесінде тиісті іс сол күні-ақ заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылды. Іс тоқтатылды, себебі арыздағы күш қолдану туралы ақпарат расталмады", – деді бельгиялық азамат.
Ван ден Вейх 1984 жылы Бельгияда дүниеге келген. Ол Бельгиядағы Лёвен Католик университетін химиялық инженерия мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесімен тәмамдаған.
Оқыңыз2018 жылдың шілдесінен бастап РҚБ "Құрметті консулдар қоғамы" басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. 2020 жылдың сәуірінен бастап "Каз-Диа-Тест" ЖШС-ның атқарушы директоры, ал 2020 жылдың мамырынан бері Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Атамекен" Президиумының Энергетика комитетінің мүшесі.
Сонымен қатар ол бірнеше жылдан бері ECOJER қауымдастығы кеңесінің мүшесі, "БеНиЛюкс" Сауда палатасы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті және "Green Chemicals Kazakhstan" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарып келеді.
Бұған дейін ресейлік әйел қазақстандықты үш жасар ұлын кепілге алды деп айыптаған еді.
Әйелдің айтуынша, ол ұлын әкесімен кездестіру үшін Алматыға алып келген. Алайда сапардың соңғы күні ер адам әйелдің телефонын тартып алып, 10 күн бойы үйде күштеп ұстап отырған.
Әйелдің айтуынша, ұлының әкесі оны аяусыз соққыға жыққан, басын еденге ұрып, шашын тақырлап алып тастаған. Қазір зардап шеккен әйелге шұғыл ота қажет. Әйелдің сөзінше, ер адам оны ар-намысына тиетін видеолар түсіруге мәжбүрлеген, ақша мен әшекейлерін ұрлап, сондай-ақ жеке деректері мен интимдік видеоларын әлеуметтік желілерде таратқан.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр