Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарышаян: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Сарышаян жұлдыз белгісінде туылған жандар бойындағы түрлі қабілеттермен ерекшеленеді. Мұндай жандардың арасынан материалистер мен тылсым күштерге сенетіндер, гуманистер мен өз нәпсінін жеңе алмайтындар,  данагөйлер мен ақымақтар да кездеседі. Жолыңызда Сарышаянды жолықтырсаңыз, онымен бірге зерікпейтініңізді, алайда жанында жүру қауіпті екенін білгейсіз. Жалпы, мұндай адамдардың жанында көңіліңіз тыныш болмайды. 

Сарышаян: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Әдетте Сарышаяндар өзгелердің пікіріне қызықпайды, ал өз пікірін білдіргенде дөрекілік, әдепсіздік танытып жатады. Сарышаяндар өз пікірінің ғана дұрыстығына сенімді, сондықтан оларды райынан қайтару мүмкін емес. Мұндай жандар көп жағдайда ортақ мәмілеге келе алмайды. 

Жұлдыз жорамалшылардың кейбірі Сарышаяндардың үш түрі бар екенін айтады: улы (ашушаң, кекшіл, екіжүзді, қатыгез әрі озбыр), текті (мұндай адамдарды Қыран деп те атайды, олар әділ әрі ақылды, сонымен қатар менмен емес) және «сұр кесірткелер». Соңғы аталғанының әслсіздігі болмағанда, өте қауіпті болар еді: олар тек іштей тыныш жек көруге қабілетті. Сонымен қатар тым ұяң келеді. Алайда сырт көзге зиянсыз болып көрінгенімен, кей жағдайда жақындарын да «шағып ала» алады. 

Сарышаян-ерлер күшті ғана емес, сонымен қатар өте қу. Сондықтан оларды жеңу мүмкін емес. Аталған жұлдыз белгісінде туылған ерлер өте ақылды және эмоцияға бай. Олар шешім қабылдағанда өзгенің пікіріне, сөзіне ермейді және кез келген жағдайда өз таңдауына ғана сенеді. 

Сарышаян-әйелдер әлсіз, қорғансыз болып көрінгенімен, шын мәнісінде, олар өте мықты және кез келген адамды бағындыра алады. Сарышаяндардың кейбірінің ішкі түйсігі күшті болғанымен, олардың көбі болашағын өз қалауындағыдай жасауға тырысады. Ал сезім мәселесінде Сарышаян-әйелдер тым шектен шығып кетеді – олар қатты жақсы көреді немесе шексіз жек көреді. Тіпті, кейде бір адамға осындай екіұдай сезімде болуы мүмкін. 

Сарышаяндардың күш-қуаты көп болғанымен, аталған жұлдыз белгісі белсенді емес. Бұл олармен қарым-қатынас кезінде де байқалады. Олар әлдекімге ренжіп, көңілі қалса, әрекетке көшіп, күресудің орына, іштей өкпелеп, алдағы уақытта өш аламын деген ойынан ләззат алып, іштей тынады. Десе де бұл қасиетінің артықшылығы да жоқ емес, себебі Сарышаяндардың күшті дұшпандары аз. Дегенмен айналасында жүргендердің арасында арам ниеттілер жеткілікті. 

Сарышаяндар мақсатқа ұмтылғыш болып көрінгенімен, мұндай қабілетін тек ұсақ-түйек жағдайларда байқатады. 

Сарышаяндардың айналасындағыларға деген қарым-қатынасы өзінің өмірдегі жетістіктеріне байланысты: әдетте жолы болмағандар сараң әрі менмен болса, жетістікке жеткендері жомарт келеді және адамдардың барлығына көмектесуге тырысады. 

Сарышаян жұлдыз белгісінде туылған жандардың барлығы дерлік бойындағы ерекшеліктерімен айрықшаланады. Олар сонысымен де тартымды. Сарышаяндар өмірінде түрлі сынақтарға душар болып, сол арқылы ерік-жігерін нығайтады.  

Талқылау