Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарыағаштықтар кісі қолынан көз жұмған бес жасар бүлдіршінді жер қойнына тапсырды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жағдай тұрақтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды.

13 шілде түнде ерекше бақылау және тұрғындармен қосымша түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында облыс әкімінің міндетін атқарушы Н. Көшеров, облыс прокуроры М. Тілеубердиев, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М. Қабденов, ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Т. Мелдешов, облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаев оқиға орнына барды.

Пышақ жарақатынан қайтыс болған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін бүгін, яғни 14 шілде күні жер қойнына тапсырылды.

Сараптама қорытындысы жедел түрде 20 күн ішінде шығарылады.

Айта кетейік, ҚР Президенті Бас прокуратура мен ІІМ-не қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Күдіктіге ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар жүргізіледі.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, күдікті бұрын 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Биыл біреудің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығы шектелген.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарымен ақсақалдар, құзыретті органдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кездесу өткізіп, түсіндірме жұмысы жүріп жатыр.

Қызынан айрылған отбасына жан-жақты көмек көрсетілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.

Талқылау