Сарыағаштан Астанаға бара жатқан 22 жастағы такси жүргізушісі көлікті аударып алған: Екі адам қаза тапты
10 шілдеде Астанаға жақын жердегі Жалтыркөл ауылының маңында апат болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны Toyota Alphard маркалы автокөліктің рөлін басқара алмай, көлікті кюветке аударып жіберген. Оқиға орнында 71 жастағы және 31 жастағы әйел мерт болды. Қалған үш кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақаттармен Астана ауруханасына жатқызылды.
Полицейлер ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сараптама тағайындалды.
Отбасы Сарыағаштан Астанаға жету үшін Toyota Alphard жүргізушісін жалдаған.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған