Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сардар А" мемлекеттік күзет командасы "арнайы жасақтың Олимпиадасы" саналатын жарыста үздік үштікке енді

"Сардар А" Мемлекеттік күзет қызметінің командасы Дубайда өтіп жатқан арнайы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT CHALLENGE-2025 халықаралық турнирінің екі күндік жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: “Мемлекеттік күзет қызметі” баспасөз қызметі

"Сардар А" Мемлекеттік күзет қызметінің командасы UAE SWAT Challenge – 2025 турнирінің екінші кезеңінде жеңімпаз атанып, тапсырманы 00:53:39 уақытында орындады. 

Бірінші жарыс күнінде ең үздік нәтижені Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" командасы көрсетіп, қазіргі таңда жалпы есепте екінші орынға ие болып отыр.

UAE SWAT Challenge– арнайы мақсаттағы бөлімшелер арасында өтетін бейресми әлем чемпионаты, оны "арнайы жасақтың Олимпиадасы" деп те атайды. Турнир 1-5 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы Аль Рувайя оқу-жаттығу базасында өтуде.

Бұл – Дубай полициясының ұйымдастыруымен қатарынан алтыншы рет өткізіліп отырған чемпионат. Жыл сайын жарысқа әлемнің элиталық арнайы бөлімшелері қатысып, бес қарқынды тактикалық сынақтан өтеді: тактикалық сайыс, шабуылдау кезеңі, офицерді құтқару, биік мұнаралардағы жарыс және кедергілер жолағы.

2025 жылғы турнирге 80-нен астам елден 106 команда қатысуда. Қазақстан намысын Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметінің 12 арнайы жасағы қорғап жатыр.

Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа өзге де қазақстандық арнайы бөлімшелер енді. Олар: “Сұңқар”, “Арлан”, “Қазақстан Ұлттық Ұланы” және “ССН Ақтау”. Биыл жарысқа алғаш рет Қазақстан әйелдер құрамасынан “Томирис” командасы қатысты.

Талқылау