AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар елімізге Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан келетін мигранттар саны артады деп болжап отыр

Ресей бастаған арнайы операциядан кейін салынған санкциялар Мәскеу және өзге қалалардағы мигранттарға да кері әсерін тигізді. Кей дереккөздерде Ресейдегі Орталық Азиядан келген гастарбайтерлер саны 8 миллионнан асатыны көрсетілген. Енді жаппай қысқартулардан кейін олар қайда барады? Сарапшылар Ресейдегі жалдамалы жұмысшылардың көп бөлігі Қазақстанға келуі мүмкін деп болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

мигранттар

Тәжікстанда тұратын Ахледдин ақпан айының соңына дейін Ресейде күзетші болып жұмыс істеген. Ресейден кетуін рубль девальвациясы және жалақының төмендеуімен байланыстырады. Сөзінше, бастапқыда жалақы 70 мың рубль болған екен, алайда ақпанның соңыда 40 мың рубльге дейін төмендеткен. 

"Ол жақта болуымның еш мәні болмағандықтан Тәжікстанға қайта оралдым", – дейді ол. 

Ахледдин жалақысын рубльмен алып, үйіне доллармен жіберіп отырған. Қазір ол Қазақстанда тұратын достары мен жақындарына хабарласып, жұмыс іздеп жатыр. Тәжікстанға келген соң наурыздың соңына Алматыға билет сатып алыпты.

"Әзірге немен шұғылданатыным белгісіз. Қазақстандағы таныстарыммен сөйлесіп көремін. Жолға шыққанға дейін жұмыс табылса жақсы болар еді", - деді Ахледдин.

Майя – Өзбекстан тумасы, еңбек мигранты. Алматыға Мәскеуден келіп, аспаз болып жұмысқа орналасқан. Ол Қазақстанға пандемиядан бұрын келген екен. 

"Ресейде екі жарым жыл тұрдым. Жағдай қазіргіден жақсы еді. Отбасылық мәселелерге байланысты қайта оралдым. Кейін Қазақстанға келдім. Маған Ресейге қарағанда Қазақстанда жұмыс істеген ыңғайлы", - дейді ол. 

Майя Ресейдегі әріптестерімен әлі хабарласып тұрады екен. 

"Ресейде тұратын өзбекстандықтармен сөйлесіп тұрамын. Жағдай қиын. Қазір мигранттарды ұстап, елдеріне қайтарып жатыр екен. Кейбірі өздері кетіп жатыр, бірақ әуе тасымалымен мәселе туындағандықтан, елдеріне қайта алмайды. Менің алдымен отанына оралып, кейін Қазақстанға келгісі келетін таныстарым бар", – дейді Майя. 

Мигранттарды қабылдау тәжірибесі

Қазақстанда еңбек ететін мигранттардың көпшілігі пандемия басталған уақытта келген. Ресей карантин шараларын күшейткендіктен, олар мұнда еріксіз қалған. Алайда шектеулер алына бастағанда басым бөлігі Ресейге кетпеген. 

2020 жылы Ұлттық банк шетелге жасалған ақша аударымдарының көбеюін мигранттармен байланыстырған еді. Бұл кезде 2019 жылмен салыстырғанда өзге елдерге жасалған аударымдар 20%-ға өскен. 

Алматы маңында жұмыс істейтін Тәжікстан азаматы Сейфолла – пандемия басталғанда елге келіп, қалып қойғандардың бірі. Сөзінше, Мәскеуде келісілген қаржыны толық ала алмай, 2020 жылы көктемде Тәжікстанға қайтқан. Алматыға жолға қажетті қаржы жинаған соң бірден келіпті. 

"Ресейде кафель шығаратын шағын кәсіпорында жұмыс істедім. Бірақ ол жақта келісілген қаржыны төлемеді. Сондықтан Ресейден кетуге мәжбүр болдым. Ол жақта ағаларым қалды. Әзірге хабарласа алмадым", - дейді Сейфолла. 

Сөзінше, Қазақстанда да күнкөріске ақша табуға болады екен. 

"Мигранттарды тіркеу ережесі жеңілдеп кетті"

Қазақстанда Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан келген мигранттар "арзан жұмыс күші" болып саналады. Алайда оларды жұмысқа алатын компаниялар, шағын кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың барлығы заңды түрде тіркейді деп айтуға болмайды. 

"Халықаралық құқықтық бастама" ұйымының басшысы Айна Шорманбаеваның ойынша, Орталық Азия елдері еңбек және мигранттар нарығын реттеу бойынша келісім жасауы керек екен. Ол Ресейдегі жағдайдан кейін мигранттар жаппай Қазақстанға келеді деп болжады. 

"Қазақстан экономикасы да қиын кезеңдерді өткереді. Дегенмен жұмыс табуға болады. Сондықтан Ресейдегі мигранттар Қазақстанға келуі мүмкін. Елдердің діни ұстанымы, тілі мен мәдениеті ұқсас. Сондықтан төмен жалақыға қарамастан мигранттарға Қазақстанға келу ыңғайлы. Виза керек емес, тіркеу де оңай. Рұқсат алып, заңды түрде үй шаруашылығында жұмысқа орналасуға болады", - деді Айна Шорманбаева. 

Ресейде болудың "тиімді тұстары"

Өзбекстан тумасы және экономист Сапарбай Жобаев Ресейдегі мигранттардың Қазақстанға бірден келмейтінін айтады. 

"Ресейдегі өзбектермен сөйлесемін. Олардың жағдай туралы көзқарастары әр түрлі. Кейбірі үйге қайтуды жоспарлаған. Дегенмен Ресейде қалуға бел байлағандар да бар. Әрине, жалақылары төмендейді. Мигранттарға Өзбекстанда 100 доллар тапқаннан гөрі, Ресейде жүріп 500-600 доллар жалақыға жұмыс істеген тиімді", –  деді Сапарбай Жобаев. 

Ол таныстарына хабарласып, Қазақстанға келулерін сұрайтынын да айтады. 

"Қазақстанда 20-25% болатын теңге девальвациясына қарамастан жұмыс табуға болады. Мысалы, солтүстікте коммуналдық қызметте, ауылды және қалалық жерлерде құрылыс саласында жұмысшылар, кей қалаларда автобус жүргізушілері жетіспейді. Кей адамдарға газбен қамтуда және ас үйде қызметкерлер керек", - дейді экономист.

Ресей ауағынан тыс елдерден жұмыс іздеу 

Мигранттарға арналған тегін заңгер Валентина Чупик Ресейдегі гастарбайтерлердің өзге елдерден жұмыс іздеп жатқанын растады.

"Мигранттардың көп бөлігі Ресей сыртынан жұмыс іздеп жатыр. Пайыздық мөлшері туралы айту қиын. Алайда Ресейден ұшып шығу үшін билет бағасы, әлеуметтік желідегі пікірлер мен ақша аударымдарына назар аударсақ, мигранттардың Ресей аумағынан тыс жерлерден жұмыс іздеп жатқанын анық көруге болады", –  деді Валентина Чупик. 

Оның сөзінше, мигранттар кетуді жоспарлап отырған елдер қатарында Қазақстан, Түркия мен Польша бар екен. 

"Кейбірі Мексика арқылы АҚШ-қа кеткісі келеді", - деп қосты ол. 

Заңгер елдегі жағдайға қарамастан Ресейде қалғысы келетін мигранттардың бар екенін айтады.

"Кейбірі сол жақта қалып, Ресей азаматы атануды қалайды", - дейді Валентина Чупик. 

2000 жылдардың басынан бері Орталық Азиядағы еңбек мигранттары үшін Қазақстан негізгі бағыттардың біріне айналды. ТМД аумағында тұратын азаматтарға виза керек емес. Кейбірі елге келу себебін де көрсетпейді. Көпшілігі Қазақстанға оқуға, саяхаттауға келгенін айтады. Басым бөлігі рұқсат алмағандықтан, еңбек мигранты санатына қосылмайды. 

Пандемияға дейін Қазақстанда миллионға жуық мигрант жұмыс істеген. Сондай-ақ елде еңбек мигранттарының құқығын бұзу жағдайлары да көптеп кездеседі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр