Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан темір жолы" басшысы өзінің жеке бизнесі барын растады

ҚТЖ төраға
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов “АСТАНАТРАНСЭКСПРЕСС” ЖШС-нің құрылтайшысы екенін растады. Мұны ол Үкіметтегі брифингте айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алдыбергеновтің айтуынша, компания сенімгерлік басқаруға берілген және қазір “Қазақстан темір жолы” компаниясымен де, мемлекеттік құрылымдармен де ынтымақтастық жасамайды.

“Шынында да, мен осы компанияның құрылтайшысымын. Мемлекеттік қызметкерлер туралы заңға сәйкес, ол сенімгерлік басқаруға берілді. Бүгінде компанияның “Қазақстан темір жолымен” де, мемлекетпен де ешқандай іскерлік байланысы жоқ. Сондықтан мұнда мүдделер қақтығысы жоқ. Барлығы заң талаптарына сәйкес рәсімделген”, – деді ҚТЖ басшысы.

Журналистер компанияның әлі де жұмыс істеп тұрғанын және Алдыбергеновтің одан табыс алып-алмайтынын нақтылады.

“Компанияны басқармаймын. Оның кірістері мен өзге де мәселелерімен айналысатын арнайы басқарушы компания бар”, – деді Алдыбергенов.

Айта кетейік, бұған дейін “Қазақстан теміржолы” компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов компанияның топ-менеджерлеріне төленген сыйақыға қатысты жауап бергені туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 16 Маусым, 2026 13:55