Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Трамптың шақыруымен Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысады

президент
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың желтоқсанында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысады. АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысына шақыру жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Саммитке дайындықты сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капур талқылады.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселесін талқылады.

“Ынтымақтастықтың негізгі салаларына энергетика, маңызды минералдар, озық технологиялар, цифрландыру, көлік және инвестициялар кіреді. Тоқаевтың Халықаралық су ұйымын БҰҰ-ның мамандандырылған агенттігі ретінде құру бастамасы да қозғалды”, – делінген хабарламада.

Талқылауды қорытындылай келе, тараптар Майамиде өтетін G20 саммитіне дайындық бойынша пікір алмасты. Қазақстандық және америкалық тараптар ең жоғары деңгейде жұмыс істеуді жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Қырмызы Скендір
Бейсенбі, 13 Тамыз, 2026 10:24