Бектенов жоспар орындалмағанын айтып, ҚТЖ басшысын сынға алды
Үкімет отырысында “Қазақстан темір жолы” басшысы теміржол саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сосын премьер-министр жоспарлы көрсеткіштердің орындалмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бектенов ұлттық компанияның негізгі жоспары қандай болғанын айтты.
“Алдағы жоспарға транзиттік тасымал көлемін 55 миллион тонна деңгейінде қамтамасыз ету міндеті қойылған. Алайда жоспарлы көрсеткіштерден 30% қалып қойғандарыңыз байқалады. Жоспарланған 23 миллион тоннаның орнына небәрі 16 миллион тонна жүк тасымалданған”, – деді Бектенов.
Премьер-министр ұлттық тасымалдаушы компанияның басшылығына бекітілген көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
“Бекітілген көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл сіздердің тікелей міндеттеріңіз”, – деді Бектенов.
Айта кетейік, бұған дейін Бектенов жаңа Stadler вагондарын елге жеткізуге қатысты пікір білдіргені туралы жазған едік.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
