Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай көліктерін алып-сататын қазақстандықтар 700 миллион теңгеден де, көліктен деп айырылды

алып сатар көлік алаяқ
Фото: Видеодан скрин

Қытай көліктерін қайта сатумен айналысқан 40-қа жуық кәсіпкер кәсіпкер 700 миллион теңгеден айырылған. Олар Қытайдан электромобильдер сатып алып, Қазақстанда сатпақ болған. Автосалон иесі оларға көліктерді сатуға қоюды ұсынған. Алайда көліктер сатып алушыларын тапқаннан кейін де, кәсіпкерлерге ақшасы түспей қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Екі айдан аз уақыт ішінде Нұржан Боштай 18 миллион теңгесінен айырылған. Ол қытайлық көліктерді қайта сатумен айналысады. Алайда қазір оның қолында көлік те, ақша да жоқ. Оның айтуынша, барлығы Алматыдағы автосалондардың бірінен түскен ұсыныстан басталған. Ондағылар көліктерді сатып, түскен пайданы бөлісуді ұсынған. Алайда кейін жағдай жоспардағыдай болмаған.

“Маған қоңырау шалып, Changan CS55 Plus керек екенін айтты. Шымкентте көлік алатын клиенттер бар екен: "Ақшаны 3-4 күнде қайтарып береміз, клиенттер дайын тұр" деді. Мен "жарайды" дедім. Мұнда екі көлік жеткіздік. Олар сатылып кетті. Бұл 12 маусымда болған еді. Қазір тамыз, екі ай өтті. Бірақ әлі күнге дейін ақшамызды алған жоқпыз”, – дейді Нұржан Боштай.

Нұржанның айтуынша, осыдан кейін де оның көліктерін қайта сатылған. Нәтижесінде осы уақыт ішінде көліктің үш иесі ауысқан. Ал қазір көлік кепілде тұр.

Жәбірленуші 40 кәсіпкердің барлығы бір автосалонмен жұмыс істеген.

“Жалпы, автосалон иесінің бұған дейін де алаяқтықпен айналысқанын білетінбіз. Егер ол бізбен өзі байланысқа шыққанда, біз оған ақша да, көлік те бермес едік. Сондықтан ол агенттерін жіберетін. Біздің білуімізше, оның үш автосалоны болған. Меніңше, ол адамдарды алдап жүргеніне бір жылдан астам уақыт болған”, – дейді жәбірленушілердің бірі Адиль Бекжан.

Көліктер сатылғаннан кейін автосалон иесі алып-сатарлармен байланысқа шығуды тоқтатқан. Кәсіпкерлер оны көрсетілген мекенжайлардың біріне іздеп барған. Алайда ол жерде ешкім болмаған.

Кәсіпкерлердің айтуынша, автосалонның аумағы екі апта бұрын мөрленген. Оған дейін бір ай бойы мұнда сатылымға қойылған қытайлық көліктер тұрған. Қазір қақпа жабық, көліктер де, автосалон иесі де жоқ. Ал ғимараттың қасбетінде әлі күнге дейін "адал жұмыс істейміз, кепілдік береміз және тәулік бойы қолдау көрсетеміз" деген уәделер жазылып тұр.

Ақыры қайта сатушылар полицияға арыз жазған. Сол күні автосалон иесі ұсталды.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы болуы мүмкін басқа да адамдардың шеңбері анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Автосалон иесіне жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда қайта сатушыларды қазір қылмыскердің тағдырынан гөрі, өз ақшасы мен көліктерінің қайтарылуы көбірек алаңдатады. Олардың көпшілігі несие алып, енді басқа табыс көзін іздеуге мәжбүр. Өйткені көлік саудасы олардың негізгі табыс көзі болған.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 13 Тамыз, 2026 08:14