Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар доллар бағамын 550-560 теңгеге дейін өседі деп болжады

Halyk Research Ұлттық Банк деректеріне сүйене отырып, доллар бағамына байланысты болжам жариялады.  Мұнда жылдың соңына қарай валюта бағамының 550-560 теңге аралығында болуы мүмкін екені айтылған. Сондай-ақ биыл да әлемде мұнай бағасының тұрақсыздығы байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Halyk Researsh-тің ұлттық банктің ақпан айындағы мәліметіне сүйенген деректерінде үкіметтің бюджеттік өтінімдері бойынша Ұлттық қордан валюта сату жоспарланып отыр. Оның сомасы 550-650 миллион АҚШ долларына дейін (орташа 600 млн доллар) болады. Сонымен қатар, айна әдісі бойынша тәжірибе жалғасып, ақпан айында шамамен 250 миллиард теңгеге (немесе 475 млн АҚШ долларына жуық) валюта сату жоспарлануда. Нәтижесінде, Ұлттық Банк тарапынан ай сайынғы валюта ағыны ақпан айында қаңтармен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.

Ұлттық Банк ақпан айында зейнетақы активтерінің үлесін қолдау үшін валюта сатып алу жоспарланбағанын жеткізді.

“Қазынашылық сектордың 50% валюталық түсімін міндетті сату туралы норма жалғасатын болады. Осы арқылы сыртқы және ішкі факторлар өзгермесе және кедергі келтіретін жағдайлар орын алмаса, ақпан айында доллардың теңгеге қатысты бағамы қазіргі деңгейде сақталуы мүмкін”, – делінген хабарламада. 

Сарапшылар осы жылдың соңына қарай валюта бағамы 550-560 теңге аралығында болуы мүмкін екенін болжап отыр. Деректерге сүйенек, әлемдік мұнай бағаларына қатысты болжамда белгісіздік сақталады.


  • Қосылған құн салығы барлық компания үшін 20% болмайды – Ұлттық экономика министрі


“Ал Дональд Трамптың саясаты АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудің артуына әкелуі мүмкін. Бұл әлемдік бағаға қосымша қысым жасайды.

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары жақында айтқандай, рубль арнайы факторлардың әсеріне ұшырайды. Оның ішінде санкциялық жағдайлар да бар. Бұл жергілікті нарықтағы валюта бағамына әсер етіп, шамадан тыс құбылмалы жағдайға әкелуі мүмкін. Алайда бүгінде еліміз нарықта әртүрлі жағдайларда жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның сыртқы сауда операцияларында рубльмен есеп айырысу үлесі салыстырмалы түрде төмен”, – делінген хабарламада.

Ұлттық банк биылға арналған жоғары трансферттер көлемі (5,2 триллион теңгеге) бекітілгенін мәлімдеді. Одан бөлек, валюталық курсты тұрақтандыру үшін басқа да құралдар қолданылады. Мәселен, ЕНПФ үшін валюта сатып алу тәртібін реттеу, валюталық түсімді міндетті сату нормасы, оны 75%-ға дейін арттыру, жаңа айна әдісі жалпы ұлттық валютаның бағамына елеулі қолдау көрсетуі мүмкін.

Талқылау