Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы Тоқаевтың не себепті тек Си Цзиньпинді жеке күтіп алғанын түсіндірді

Отандық сарапшы Әділ Кәукенов Тоқаевтың әуежайда неге тек Қытай төрағасы Си Цзиньпинді ғана жеке өзі қарсы алғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Еске салайық, мемлекет басшысы Си Цзиньпинді ғана жеке күтіп алды. Ал басқа мемлекет басшыларын премьер-министр Олжас Бектенов, премьер-министрдің орынбасарлары Ғалымжан Қойшыбаев, Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин қарсы алды.

“Тоқаевтың Қытай басшысын ғана жеке қарсы алу себебі Си Цзиньпин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін ғана келген жоқ. Ол Қазақстанға мемлекеттік сапармен ұшып келді. Ресми сапар кезінде саммитке де қатысып кетті”, – деп жазды сарапшы өзінің Telegram-дағы арнасында.



Айтуынша, президенттің бұл әрекетін түсінбегендер қастандық теориясын құрып жатыр. Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының деңгейін көрсетеді дейді сарапшы.

Бұған дейін Майра Мұхамедқызының қытай төрағасының алдында ән шырқағаны туралы жазған едік. 

Айта кетейік, 3 шілде күні Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сондай-ақ Қытай басшысы Қазақстанның ішкі істеріне араласқандарға қарсы тұратынын мәлімдеген еді.

Талқылау