Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сақтандыру бойынша төлемді қалай онлайн рәсімдеуге болады

Онлайн сақтандыруға өтінім
Фото: Stan.kz

Қазақстанда сақтандыруды онлайн рәсімдеу қалыпты нәрсеге айналды. Азаматтар көлікті міндетті сақтандыруды бес минутта рәсімдей алады. Дәл солай сақтандыру жағдайы болған кезде не жол апаты болғанда төлем алуға өтінішті лезде беруге болады. Бұл клиенттердің уақытын үнемдеп, процесті жеңілдетеді. Stan.kz тілшісі сақтандыру төлемін онлайн рәсімдеу қалай жүретінін және қандай қателер жібермеу керегін анықтап көрді.

Halyk Insurance Өңірлік бизнесті дамыту департаментінің бас маманы Нұрбек Аликтің сөзінше, сақтандыру төлеміне онлайн өтініш беру тетігі азаматтарды қағазбастылықтан арылтуға және уақытын үнемдеу үшін дайындалған. Өтініш беруден бастап төлем алуға дейінгі негізгі кезеңдерді толық онлайн форматта өткізуге болады. Бірақ жүйе қаншалықты ыңғайлы болғанымен, нәтиже көбіне клиенттің өз әрекетіне байланысты дейді. 

Сақтандыру жағдайы не жол апаты болғаннан кейін не істеу керек?

Ең бірінші және маңызды қадам – уақытты созбай, сақтандыру компаниясына хабар беру. Бұл үшін бірнеше арна бар:

Онлайн өтініш берген кезде жүйе сіздің ісіңізді тіркеп, жеке нөмір береді. Осы сәттен бастап процесс ресми басталады.

“Көп клиент дәл осы жерде қателеседі. Себебі көбі жағдайды кейінге қалдырады немесе толық ақпарат бермейді. Нәтижесінде төлем мерзімі ұзарып кетеді”, – деді Нұрбек Алик.

Онлайн өтініш беру: процесс қалай өтеді?

Онлайн форматта өтініш беру бірнеше қарапайым қадамнан тұрады. Алдымен сақтандыру жағдайының мән-жайын сипаттау маңызды: қайда, қашан және не болғанын нақты жазу керек. Одан кейін жүйеге дәлел ретінде фото немесе видео материалдар жүктеледі. Бұл – ең маңызды кезеңдердің бірі, себебі дәл осы материалдар арқылы шығын көлемі бағаланады. Соңғы қадам – жеке деректер мен банк шотын көрсету. Төлем дәл осы шотқа түседі. Теорияда бұл процесс 10-15 минуттан аспайды. Бірақ іс жүзінде барлығы құжаттардың толықтығына байланысты.

 

Шығынды онлайн бағалау қалай жүзеге асады?

Нұрбек Аликтің айтуынша, бағалауды арнайы оқытудан өткен кәсіби мамандар жүргізеді. Олар әр жағдайда жеке қарап, зақымдалған бөлшектерді жекелей есептейді. 

“Ал сынған не бүлінген бөлшектердің бағасы қазіргі бағамен есептеледі. Сондықтан онлайн бағалау дұрыс жүрмейді деп айту – жай ғана миф. Егер азамат бағалау сомасымен келіспесе, тәуелсіз бағалаушының қызметіне жүгіне алады. Бұл жағдайда да дау шешілмесе, мәселені Сақтандыру омбудсмені шешіп береді”, – дейді сақтандыру маманы Нұрбек Алик. 

Сақтандыру жағдайын онлайн рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Онлайн формат процесті жеңілдеткенімен, негізгі талаптар өзгермейді. Әдетте қажет болатындар:

  • жеке куәлік;
  • сақтандыру полисінің деректері;
  • оқиға туралы толық сипаттама;
  • зақымның фото/видеосы;
  • банк шоты.
“Осы тұста айта кетері, бізде клиенттердің жіберетін негізгі қатесі – құжатты дұрыс емес не толық жүктемеу. Мұндай жағдайда өтініш қабылданбауы мүмкін. Сондықтан жол апаты туралы деректі (мұны жол полициясы рәсімдейді – ред.), құжаттар мен анықтамаларды, фотоларды дұрыс жүктеу керек. Деректер неғұрлым толық болса, соғұрлым тез қаралады”, – деп түйіндеді ол. 

Қорыта келе, Halyk Insurance-та төлемді онлайн рәсімдеу күнделікті сервис деңгейіне жеткен. Өтініш беру, құжаттарды жүктеу және төлем алу, барлығы бір жүйеде, артық қағазсыз және кеңсеге бармай-ақ жасалады. Бұл, әсіресе, уақыт үнемдеуді бағалайтын клиент үшін маңызды артықшылық. Құжатты толық жинау, жағдайды дұрыс тіркеу және процесті соңына дейін бақылау – төлемді тез әрі толық алудың басты шарты.

2023 жылғы 13 қаңтардағы № 2.1.21 "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 18 Мамыр, 2026 09:30