Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сапалы өнім жарнаманы қажет етпейді": Терезе дайындаумен шұғылданатын алматылық кәсіпкер бизнес бастаудың қыр-сырын бөлісті

Алматылық кәсіпкер Төрехан Бодықов – пластик терезе мен есік шығаратын шағын цехтің иесі. Осыдан 5 жыл бұрын басталған кәсібі қазір ешқандай жарнамасыз-ақ өркендеп отыр. Мұның себебін ол өнімінің сапасымен байланыстырды. Қала сыртында орналасқан цехте 4 адам жұмыс істейді екен, ал келешекте кадр санын көбейтпек. Stan.kz тілшісі Төрехан Бодықовпен тілдесіп, кәсіп ашу және оны жүргізудің қыр-сырын сұрап көрді. 

солва Төрехан

Шағын цехта басталған кәсіп

Төрехан Бодықов 2003 жылдан бері терезе дайындау саласында қызмет етеді. Бастапқыда жалдамалы қызметкер ретінде бастаған ол тәжірибе жинаған соң жеке цех ашып, кәсіпкерлікке бет бұрған. 

"Бұл жерде жұмыс істеп жатқанымызға 5 жылға жуықтап қалды. Алғашқы цех басқа жақта болған, бірақ тар болған соң сатып, карантин уақытында жаңа цехтің іргетасын қаладық. Қазір мұнда 4 адам жұмыс істейді: 2-і терезе мен есік дайындаса, тағы 2 жігіт терезелерді жеткізу және орнатумен шұғылданады. Алдағы уақытта қызметкерлер санын көбейтуді жоспарлап отырмын. Әрине, цехті тағы да кеңейту керек", – деп бастады Төрехан Бодықов. 

Цех иесінің сөзінше, бүгінде терезе дайындауға арналған шикізат Алматының маңындағы зауыттарда дайындалады екен. Бұл шикізатқа жұмсалатын шығынды әлдеқайда азайтқан. 

"Терезенің жақтаулары бұрын Ресей, Түркия мен Қытай секілді елдерден әкелінетін. Қазір сол елдердің технологиясын пайдалана отырып, өзімізде де дайындайды. Терезенің жақтауы бізге 6 метр болып келеді. Қажетті өлшемде кесіп, әрі қарай тапсырыс бойынша өнімдерді дайындаймыз. Клиенттің қалауы бойынша ақ, қоңыр, қара түсті терезені шығарамыз", – деді кәсіп иесі. 

Сапалы өнім жарнаманы қажет етпейді

Кәсіпкердің сөзінше, терезе мен есіктерді алдын ала тапсырыс бойынша әзірлейді. Ал қызметкерлеріне өнімнің сапалы болуын талап етеді екен. 

"Әр жұмыстың өз қиындығы бар. Оның үстіне жалдамалы қызметтен кетіп, кәсіп әлеміне аяқ басқанда бәрі қиын болып көрінеді. "Тапсырысты қайдан табамын" деген секілді сұрақ туындайды. Бірақ бірте-бірте бұл қиындықтарды еңсердік. Бастысы – өнімнің сапасы. Егер дайындаған тереземіз сапасыз болса, бізге клиенттер келмес еді. Сондықтан жұмысшыларға да қояр талабым осы", – дейді Төрехан Бодықов. 

Оның сөзінше, кәсіп бастағалы бері бірде-бір рет жарнама жарияламаған. Барлық клиенттері өздері іздеп келеді екен. 

солва Төрехан

"Бір жерге терезе орнатсақ, міндетті түрде тағы бір клиент табылады. Болмаса таныстарынан естиді. Егер белгіленген мерзімнен 1 рет болсын кешіктірсең немесе терезенің сапасы айтқаныңдай болмай қалса, кем дегенде 10 клиентіңнен айырылдың деп есептей бер. Құдайға шүкір, кәсібім жарнамасыз-ақ дамып келеді. Жақында сонау Талдықорған қаласынан да тапсырыс түсті. Мұның бәрі біздің тура жолды таңдағанымызды көрсетеді", – деп түсіндірді кәсіпкер. 

Төрехан Бодықовтың пайымдауынша, кәсіп ашқанда ештеңеден қорықпау керек. Мақсат айқын болса, мәселені шешу жолы міндетті түрде табылады дейді. 

"Мысалы, осы цехті ашқан соң станокты, қажетті шикізатты сатып алатын қаржы болмады. Сол кезде Solva компаниясынан 4 миллион теңге көлемінде қаржыландыру алдым. Өтініш беру және рәсімдеу жұмыстары тез жүрді. Менеджерлер барлық кезеңде қолдау көрсетіп, кеңес беріп отырады. Алған қаржыны қажетті станоктар сатып алуға жұмсадым. Кәсіпті енді бастаған мына мен үшін бұл үлкен көмек болды", – деді цех иесі. 

Solva-ның басты артықшылығы жылдамдығы, дейді кәсіпкер. 

солва Төрехан

"Solva-ның мобильді қосымшасы өте ыңғайлы дер едім. Барлығы түсінікті, қаржыландыруға өтініш беріп, сол жерде төлем енгізуге болады. Көп уақыт қажет етпейді. Сондай-ақ компанияның клиентпен арадағы сенім деңгейі де жоғарғы. Қазір микрокредитті толығымен өтеп тастағанмын. Келешекте кәсіпті кеңейту кезінде тағы жүгінуім мүмкін. Әрі таныстарыма да кеңес берер едім. Жас кәсіпкерлерге немесе бизнес ашуды ойға алған жандарға айтарым: қаржы жоқ деп жүре беруге болмайды", – деп қосты Төрехан Бодықов. 

Кәсіптегі басты қиындық – қызметкер табу

Төрехан Бодықовтың айтуынша, кәсіптегі басты қиындығы қызметкер табу екен. Себебі жұмысшы тапқан соң терезе дайындаудың қыр-сырын үйрету қажет.

"Қызметкер табу өте қиын. Жұмысшыны іздеуге де уақыт кетеді. Содан кейін терезе жасауды үйрету керек. Мұның барлығы уақыт пен энергияны қажет етеді. Қазірдің өзінде қызметкерлермен бірге өзім де терезе жасаймын. Бірақ осындай қиындықтарға қарамастан әлі де даму үстіндеміз. Бастапқымен салыстырғанда мен де, кәсібім де жаңа деңгейге өттік. Тапсырыс берушілер де көбейіп келеді", – дейді кәсіпкер. 

Кәсіпкер бизнестің дамуына үлкен серпіліс беретін фактор ретінде бәсекелестікті атады. Оның пайымдауынша, бәсеке бар жерде қозғалыс та бар. 

солва Төрехан

"Өзімізді басқамен салыстырудан аулақпыз. Әйткенмен барлығы, айтып өткенімдей, сапаға байланысты. Терезе дайындайтын мен секілді жандар өте көп. Клиентпен уағдаласқан соң өзіңе артылған міндетті толыққанды орындау – басты талап. Бәсекеге қабілетті болу үшін бір орында тұралап қалмау керек әрі бәсекеден қорықпау қажет", – дейді Төрехан Бодықов. 

Кәсіп бастайтын жандарға кеңес

Төрехан Бодықов кәсіпкерлік жолында талай қателікке бой алдырғанын атап өтті. Дегенмен әр ағаттықтан сабақ алу қажет дейді. 

"Құдайға шүкір, қазір кәсібім орташа деңгейде. Табысым отбасымды асырауға жетеді, ешкімге өкпе-ренішім жоқ. Бұл деңгейге жету жолында талай қателік жасадым. Кәсіптегі әр қателіктің қалтаға ауыртпалық түсіретіні сөзсіз. Кейде өлшемнен шатасып, жасаған терезең кішкентай болып қалады. Сондықтан кәсіпке бет бұрған жандарға айтар алғашқы кеңесім: бір істі ойға алғаннан кейін қорықпай әрекет ет. Әсіресе, қателік жіберген соң көбісі әрі қарай жылжудан тартынады. Дегенмен қателігіңнен сабақ алсаң, келешекте бұған жол бермейсің", – деп кеңес берді кәсіпкер. 

солва Төрехан

Сондай-ақ кәсіп ашуға адамның жасы кедергі емес дейді. Төрехан Бодықовтың айтуынша, "кәсіпкерлік тек жастардың ісі" деген таптаурыннан бас тартатын кез келді. 

"Қазір ойыңа алған кез келген істі бастап кетуге болады. Бұған қажетті ресурс та, білім де қолжетімді. Сондықтан жастардан бастап, зейнет жасына келген азаматтар да кәсіп аша алады. Меніңше, мұндай таптаурыннан арылу керек. Тек нақты жоспар дайындап, соны ұстансаң жетеді. Бастысы – өзіңе ұнайтын және қолыңнан келетін салада тер төгу", – деп аяқтады Төрехан Бодықов. 

"ОнлайнКазФинанс МҚҰ" АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасымен берілген 06.03.2023 жылғы № 02.21.0004.М. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы.

Басқа кәсіпкерлер жайында оқу

Solva-дан бизнесті дамыту үшін қаржыландыруды қалай алуға болатынын біліңіз.

Талқылау