"Сансыз шүкір": Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен бірге түскен суретін жариялады
Әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет пен актер Дәурен Айдарқұловтың ұлы бірінші сыныпқа барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/akbotanurabaykyzy/daurenaidarkulov
Өнер жұлдыздары мектеп табалдырығын аттаған ұлын алғашқы қоңырауға жетектеп әкелді.
“Ботақаным 1-сыныпқа барды. Аллаға сансыз шүкір. Бақытты анамын. Бүгін бізде алғашқы қоңырау. Папамызбен”, – деп бұрынғы күйеуімен және балаларымен бірге түскен суретін жариялады Ақбота Сейтмағамбет.
Еске салайық, 2020 жылдың жазында Дәурен Айдарқұлов екінші әйелі әнші Ақбота Сейтмағамбетпен ажырасқан болатын. Олар бір ұлы, бір қыз тәрбиелеп отыр.

1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген