Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус көпірден өзенге құлап кетті (видео)
Санкт-Петербургте ішінде 20-ға жуық жолаушылары бар автобус Мойка өзеніне құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото желі кадрларынан
Желіде тараған видео кадрларында автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай бірнеше көлікке соқтығысқан. Кейін көлік көпірден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері адамдарды құтқарып жатыр.
Қала басшысы Александр Беглов зардап шеккендерге жедел көмек көрсетілетініне сендірді.
Деректерге сай оқиға салдарын жоюға құтқарушылар, жедел жәрдем, қалалық әкімшіліктің және денсаулық сақтау комитетінің қызметкерлері жұмылдырылған.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды