Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" қоры өкілдері Семейде ағаш отырғызу шарасына қатысты

Абай облысына жұмыс сапары аясында "Самұрық-Қазына" қоры өкілдері Семей қаласында экологиялық шара өткізіп, Бейбітшілік аралындағы орман тұқымбағына ағаш көшеттерін екті. Облыс әкімі Берік Уәли мен "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қатысқан іс-шара Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" бастамасы аясында өтті.

Шара барысында мыңнан астам көшет отырғызылды. Егілген көшеттердің қатарында емен, терек, шаған, жөке, шәңкіш, кәдімгі шырша, тал, долана, қарағаш бар. Жалпы 9 түрлі ағаш пен бұта егілді.

"Президенттің "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы Биыл "Самұрық-Қазына" тобы 5 млн түптен астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл – Мемлекет басшысының бастамасы. Біз үшін бұл жай ғана акция емес, күнделікті философиямыз. "Таза Қазақстан" біздің басты құндылықтардың бірі болып табылады", – деді ол.

Айта кетейік, соңғы екі жылда қор компаниялары 5,8 млн түп ағаш отырғызған.

STAN.KZ
Бейсенбі, 16 Сәуір, 2026 16:47