Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында мұғалім оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

Тұтқындалған адамФото: shutterstock.com

Маңғыстау облысында оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен мектеп мұғалімі ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

39 жастағы мұғалім полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеуге алынған. 

Күдікті Мұнайлы ауданындағы №12 мектепте технология пәнінен сабақ бергені белгілі. Мұғалім осы мектепте сегіз жылдан бері жұмыс істеп келген. Ұстаздар әріптестерінің мұндай қадамға барғанына сенбейді. Күдіктінің төрт баласы бар екен. 

Ал жәбірленуші тоғызыншы сынып оқушысы. Полицияға арызды жәбірленуші қыздың өгей әкесі жазған көрінеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қыздың денесіне қол жүгіртіп, күш қолданғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 17 Сәуір, 2026 19:41