Елена Рыбакина Германиядағы турнирдің финалына шығып, 100 мың еуро табыс тапты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің финалына шықты. Жартылай финалда ол ресейлік Мирра Андрееваны жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу 7:5, 6:1 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Бірінші сетте кортта тең дәрежелі тартыс жүрді, алайда Рыбакина партияның соңында қарсыласын басып озды. Екінші сетте Еленаның басымдығы айқын болды. Матч барысында Рыбакина 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың 4-еуін сәтті пайдаланды.
Sports.kz мәліметінше, беделді турнирдің финалына шығу қазақстандық теннисшіге тек спорттық жетістік қана емес, айтарлықтай қаржылай табыс та әкелді. Финалға шыққаны үшін Елена кемінде 99 565 еуро сыйақы мен 325 рейтингтік ұпайға ие болды.
Егер финалда жеңіске жетіп, чемпион атанса, сыйақы көлемі 161 310 еуроға дейін өсіп, рейтингке 500 ұпай қосылады. Сондай-ақ дәстүр бойынша турнир жеңімпазы титулдық демеушіден спорттық автокөлік алады.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған