Кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен қазақстандық 12 жылға сотталды

Павлодарда кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен 19 жастағы жігіт 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жігіт қызбен Instagram желісі арқылы танысқан.
Жігіт пен қыз 2025 жылдың ақпанында сөйлесе бастаған. Ол кезде жігіт 19 жаста, ал қыз 15 жаста болған. 2025 жылдың сәуір айында жігіт қызды кездесуге шақырып, кездесуге ішімдік пен лимонад әкелген. Екеуі бірге ішімдік ішіп, кейін жігіт қыздың үйіне баруды өтінген. Үйге кіргеннен кейін араларынла жақын қарым-қатынас болған, барлығы келісіммен және бірнеше рет қайталанған. Мұны білген қыздың анасы дереу полицияға арыз жазған.
Қылмыстық іс сотта қаралып, жігіттің кінәсі толық дәлелденді.
“Айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, сондай-ақ өмір бойына педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмысқа байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылсын", – делінген сот үкімінде.
Жігіт сот залында қамауға алынды. Сот отырысында ол жыныстық қатынас болғанын жоққа шығармаған. Сондай-ақ сотта қазір 16 жасқа толған қыз да бәрі өз келісімімен болғанын растады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар сот білім басқармасына қыздың анасына қатысты шаралар қабылдау жөнінде жеке қаулы шығарды. Себебі оқиға түнгі уақытта жәбірленушінің өз үйінде болған. Бұл кезде анасы жұмыста болған, алайда заң бойынша кәмелетке толмаған қызын қараусыз қалдырмауға міндетті еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр