Қыз зорлағаны үшін бас бостандығынан айырылған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Қыз зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған қазақстандық блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Stan.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Думан Ерқанаттың сот тағайындаған жазасы жеңілірек жаза түріне, яғни айыппұлға ауыстырылуына байланысты босатылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен шығарылғанын растады.
Ведомство мәліметінше, сотталғандарға қатысты мұндай мәселелерді қарау және шешім қабылдау тек соттың құзыретіне жатады. Сондай-ақ айыппұл түріндегі жазаны орындау қылмыстық-атқару жүйесі органдарының құзыретіне кірмейтіні атап өтілді.
Ведомство Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 91-бабына сәйкес, өтініш беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, оны заң аясында шағымдана алатынын еске салды.
Сотталған адамның жеке ісіне қатысты мәліметтер Қазақстанның заңнамасына сәйкес жария етілмейді.
"Сірке суын шашып, есірткі егеміз деп қорқытты": Алматыда зорланған қыз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
ОқыңызОқиғаның мән-жайы
2023 жылы редакциямызға жәбір көрдім деген қыз хабарласып, сұхбат берген еді.
Оның айтуынша, 2022 жылғы желтоқсанда қаржы сауаты бойынша кеңес алу үшін блогер Думан Ерқанатпен кездескен. Бойжеткен сол кездесуде блогер оған зорлық көрсетті деп мәлімдеді. Қыз бірден полицияға жүгініп, іс сотқа жеткен.
2023 жылғы 13 қыркүйекте сот Думан Ерқанатты “Зорлау” бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол жәбірленушіге 3 миллион 117 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Іс материалдарына сәйкес, сот барысында айыпталушы кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұраған.
Бұған қарамастан, күдікті шешіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданған. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін бұзып, блогерді ақтап алған. Алайда кейінірек сот блогер Думан Ерханатқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.
“Қылмыстық іс материалдарын зерделеу барысында Ерқанаттың кінәсі дәлелденді. Қорғаушының уәждері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылды”, – делінген жоғарғы соттың хабарламасында.
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты