"Telegram желісінен жіберді": Бишімбаев порнографиялық видеоға қатысты өз нұсқасын айтты
Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сотта айғақ беруді жалғастырып жатыр. Бұл жолы экс-министр тергеу мен айыптау дерегі бойынша Салтанат Нүкеноваға өзі көрсетті делінген эротикалық видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Баяндау кезінде Бишімбаев тергеу мен айыптау нұсқасы бойынша, жұбайы Салтанат Нүкеноваға порнографиялық мазмұндағы кейбір бейнелерді көрсетті делінгенін еске салды.
"Маған аноним нөмірден Telegram-арнаға сілтеме келді, "қараңыз, ол жерден жұбайыңызға ұқсайтын адамды көресіз" делінген. Түн болатын, мен есеңгіреп қалдым, эротикалық видеоны көрдім. Қыз өте ұқсайды. Беті көрінбейді, бірақ өте қатты ұқсайды (Салтанатқа – ред.). Әрине, елеусіз қалдыра алмадым. Оған көрсеттім де "кешір, бірақ, неге маған мұндай видеоны жібереді” деп сұрадым", – дейді Қуандық Бишімбаев.
Сотталушы жұбайынан сол видеода өзі бейнеленген бе – түсіндіруді сұраған. Бишімбаевтың сөзінше, оқиға үйлену тойынан 10 күн өткен соң болған.
"Біздің отбасылық өміріміз осылай басталды. Мен видеода ол емес екеніне сендім. Онда қандай да бір айырмашылық болды, бірақ факт", – деп қосты Бишімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаев ісі бойынша алдын ала тыңдалым барысында прокурор бұрынғы шенеунік пен оның жұбайының қарым-қатынасы туралы таңғаларлық мәліметтерді айтқан.
"Бишімбаев қызғаныштан Нүкеноваға порнографиялық видеоны көрсетіп, “мынау сен емес пе?” деп сұрайтын”, – деді прокурор.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы неке ресми тіркелмеген. Айыптаушы тарап Бишімбаев өлтірілген адамның барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық жағынан тәуелді етті деп санайды.
Бұған дейін Бишімбаев әйелі 27-28 жасқа дейін отбасылы еркектермен ақша үшін кездесіп жүргенін айтты.